Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
Бүгінде еліміз әлемнің 48 мемлекетімен инвестицияларды өзара қорғау туралы келісім жасасып, кәсіпкерлер үшін тұрақты құқықтық орта қалыптастырды. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанға деген шетелдік қызығушылық айтарлықтай артқан. Бұған елдегі экономикалық саясаттың айқындығы, инфрақұрылымның даму қарқыны себеп. Сондай-ақ Еуразияның қақ ортасында орналасқан Қазақстан көлік-логистика саласындағы маңызды торапқа айналды. Нәтижесінде Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық байланысты нығайту үшін шешуші рөл атқарып отыр. Әсіресе Қытаймен жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Президент те бұл бағытта нақты міндеттер жүктеп, инвестициялық ахуалды жақсартуға басымдық беріп келеді. Сондай-ақ ірі жобаларды сүйемелдеу тетіктері жетілдіріліп, құқықтық кепілдіктер күшейтілген.
Әлемдегі болып жатқан мынадай құбылмалы заманда Қазақстанның орналасу, саяси, экономикалық жағдайы болсын инвестор тарту жағынан өте ыңғайлы екенін көпшілік мойындап отыр. Бұлардың таңғалып отырғаны – Бас прокуратураның құрамында осы инвесторларды қорғайтын комитет құрылды дегенге қызыға қарап отыр. Басқа елдерде ондай практика жоқ екен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы