Астанада Олимпиада күніне орай бірқатар шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Олимпиада күніне орай бірқатар шаралар өтеді

23.05.2015
Астанада Олимпиада күніне орай бірқатар шаралар өтеді

Бағдарлама аясында Олимпиада және Әлем чемпиондарымен, еліміздің даңқты спортшыларымен кездесулер ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana.kz.

Сонымен қатар, шара барысында 800 және 1200 метр қашықтықтарға жүгіру, «Олимпиада жарыстары» атты асфальтқа сурет салу байқауы, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында сайыстар өткізіледі.

Бүгінгі таңда әлем бойынша 200-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері жыл сайын аталмыш күнді атап өтеді. Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.

Еске сала кетейік, 1894 жылы 23 маусымда Пьер де Кубертен мен оның жақтастары қазіргі заманғы Олимпиада қозғалысын қайта қалпына келтіріп, Халықаралық Олимпиада комитетін құрған. Бірінші Дүниежүзілік Олимпиада күні 1948 жылы 23 маусымда аталып өтті. Оған 9 елдің Ұлттық Олимпиада комитеттері қатысты.

Хабарламаларға жазылу