Адам ұрлап, ақша талап еткен қылмыстық топ
Бүгінде қылмыстың түр-түрі көбейген. Ең сорақысы, адам ұрлап – ақша бопсалау. Қиыны сол, мұндай қылмысқа баратындардың дені көбіне өзінен әлсіздерді, яғни балаларды, бойжеткендерді ұрлауға бейім.
Оңай жолмен табыс табуға құнығып алған қылмыскерлер тіпті таныстарын, туыстарын бопсалауға дейін барады. Алайда, адам ұрлау арқылы ақшаға «кенелмек» болғандар істің түбі не боларына бас қатырмайды.
Бүгінгі «Қылмыс пен жаза» хабарының кейіпкері Қайролла Әбішевті қаскөйлер тура үйінің алдында ұрлап кеткен. Бір қызығы, жәбірленуші мен оны күшпен ұрлап әкеткен Жақсыбек Жаппаров бір-бірін танитын болып шықты.
Астана қаласында болған қылмыстық оқиға туралы бүгін 19:10-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25