Үздік сауыншы Түркістан облысында
Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданына тұратын сауыншы Гүлнәр Әбдіраманова ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 20 жылдан астам, соңғы он жылда жергілікті сүт фермасында сауыншы болып еңбек етеді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекқорлығымен ерекшеленген еңбек адамы жайлы әріптесім Айнұр Ақбаева тарқатады.
Гүлнәр Әбдіраманова күн сайын түнгі үште тұрып, жұмыс орнына келеді. Сағат
төрттен сиыр сауатын құрылғыларын тазалап дайындайды. Содан кейін қасындағы екі әріптесімен бірге 400
сиырды сауып алады. Таңғы жұмыс тоғызға дейін жалғасады.
Гүлнәр Әбдіраманова, сауыншы:
Небір қиыншылықтар өтті. Басында қолмен де саудым. Күніне жүз бас сиыр сауатынбыз. Төрт әйел. Әр әйел 25-30 сиырдан сауатынбыз. Белім ауыратын. Қолымызға күбіртке шығып кететін. Қолымыз ауыратын. Шаршайсың. Сол қиындыққа қарамай істеп келдік. Бала-шағаны бағу керек болды.
Қазір сауыншының жұмысы едәуір жеңілдеген. Соңғы үш жылда
сиыр сауатын арнайы құрылғылар алынып, ферма ішіне жылу құбырлары тартылған. Ал
Гүлнәр Әбдіраманова өзіне жүктелген міндетті мейлінше жауапкершілікпен атқарып,
өз міндеттерін мүлтіксіз орындайды. Фермадағы өзге сауыншылар да жұмыс барысында тұрақты
нәтижеге қол жеткізу үшін табандылық пен төзімділік керек дейді.
Венера Субанова, сауыншы:
Сауғанда сиырдың емшегін сүртеміз. Арнайы құрылғыны қоямыз. Йод жағамыз. Кешқұрым үште келеміз. Тағы сауын істейміз. Сонымен сағат тоғыз, ондарда қайтамыз. Бейнеті ауыр. Жұмысы көп.
Ырыс ұмтылғанға үйіріледі. Таңнан тұрып, сиыр сауып, адал еңбек ететін
адамдардың атқарған жұмысы биыл елеусіз қалмады. Сауыншы Гүлнәр Әбдіраманова Жұмысшылар
жылында Мемлекет басшысының қолынан марапатқа ие болды. Ауыл шаруашылығы
еңбеккерлерінің екінші форумында «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты.
Еселі еңбектің назардан тыс қалмағаны қанат бітіреді дейді сауыншы.
Гүлнәр
Әбдіраманова, сауыншы:
Астанаға бірінші рет бардым, ұшаққа да бірінші рет отырдым. Қатты толқыдым. Қатты қуанғаннан жылап та алдым. Осындай марапатты Президенттің қолынан алу шынымен маған бұйырды ма деп, қобалжыдым. Президентке рахмет, еңбегімді бағалады, марапатыма өте қуанып жатырмын. Әлі күнге дейін сенбеймін.
Күнделікті тірлігін тап-тұйнақтай етіп атқаратын сауыншы Гүлнәр Әбдіраманова
жұмысшыларға көрсетілген құрмет ауыл жастарын да еңбекке жетелейді деген
сенімде.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25
Ресейде жаңа көліктің орташа бағасы ₸40 миллионға жетті
18.12.2025, 17:23