СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жүзден астам өтінім қабылданды.
22-сі мақұлданып, 270 млн теңге несие берілді. Биыл кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік жоба бойынша теріскей тұрғындарына 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Өндіріс, қайта өңдеу және мал шаруашылығы саласына басымдық беріліп отыр. Бағдарламаға ауыл тұрғындары ғана қатыса алады. Өз кәсібін бастаймын немесе дамытамын дегендерге 9 млн теңгеден бастап, 31 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Үстемеақы небәрі 2,5 пайыз. Қарыз 5 жылдан 7 жылға дейін қайтырылуы тиіс.
Талғат Жұмабеков, «Солтүстік» ӘКК бөлім басшысы:
Несие алу үшін кепілге қоятын мүлік болуы шарт. 100 жобаның жалпы құны 1 млрд теңге. 80 өтінім қарастырылып жатыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау әлі де жалғасуда.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16