БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл-аймақтан қар шығарды.
Белсенді азаматтар, алдымен, орталық саябақтың аумағын ақ ұлпадан аршыды. Содан кейін «Азалы ана» ескерткішінің айналасын қар мен мұздан арылтты. Жыл басынан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» акциясына «Amanat» партиясы облыстық филиалының 2 мыңнан астам мүшесі қатысты. Әр маусымда түрлі аумақты тұрмыстық қалдықтан ада етіп, тал егіп, тазалыққа атсалысқан.
Азамат Қуанышқалиев, «Amanat» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыру – бақылау бөлімінің консультанты:
«Таза Қазақстан» акциясы – бір күндік науқан емес. Бұл енді әр үйден, әр ауладан көшелерді таза ұстаудан басталады. Ол енді тек қана аула, әлде қала тұрғындары емес, барлық азаматтың борышы деп ойлаймын. Бұл тарапынан партиямыз да өзінің үлесін қосуда. Аумақтық филиалдарда да бұл жұмыс жүргізілуде.
Қарағанды облысы Саран қаласында да «Таза Бейсенбі» акциясы өтті. Шараға 150 жуық ерікті қатысып, Саран техникалық колледж аумағын ретке келтірді. Табиғат жанашырлары алдымен жолды қардан тазартып, қоқыстарды жинады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр тазалық адамның өзінен, үйінен, оқу орынынан басталуы тиіс. Жалпы Таза Бейсенбі акциясы әр апта сайын өңірдің барлық аумағында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Ділнәз Әшірәли, ерікті:
Бүгін біз студенттермен өзіміздің колледж ауласын жинап жатырмыз. Әр бейсенбі күні, әр аптада жинап тұрамыз. Тазалық енді өзімізден басталады. Әркім өз ауласын таза ұстау керек деп ойлаймын.