Журналистерге арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистерге арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

17.05.2015
Журналистерге арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Нұр Отан» партиясы жылсайынғы дәстүрлі үрдіс - журналистерге арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау жұмыстарының тақырыбы - партияның аса маңызды бастамаларын, филиалдары мен маслихаттардағы фракцияларының жұмысын, сондай-ақ, бастауыш партия ұйымдарының қызметін жария ету.

Биыл тұңғыш рет радиожурналистер мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелерді көтерген БАҚ қызметкерлері марапатталады.

Оған 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 11 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радиобағдарламалар, журналистік зерттеулер және т.б) қабылданады.

Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:

1) «Ерекше пікір» - Ең үздік телевизиялық журналист

2) «Сөз шебері» - Ең үздік газет журналисі

3) «Медиа-профи» - Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі

4) «Көзқарас» - Ең үздік блогер

5) «Аймақ айнасы» - Ең үздік өңірлік корреспондент

6) «Қоғам үні» - Ең үздік радио журналисі

7) «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін»

8) «Партия қызметі туралы ең үздік материалы үшін»

9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдары үшін».

Жеңімпаздар Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында марапатталады.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2015 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.  Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Айта кетейік, «Нұр Сұңқар» - партия мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік пен  ынтымақтастықты дамытуға бағытталған журналистерге арналған ашық байқау.

 

Хабарламаларға жазылу