Басты Жаңалықтар Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе

Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе

Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе

Сексуалдық қысым Қазақстанда бір реттік емес, жүйелі сипатқа ие және ол жасырын әрі жарияланбайтын мәселе болып қалуда.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» атты талдау есебінде әйелдер ерлерге қарағанда харассментке 12 есе жиі ұшырайтыны анықталған. Олар ондай қысымға ең жиі тап болатын орындар – көше, жұмыс орны, онлайн орта. Көбі болған жағдайды елемеуді және өздігімен күресуді таңдап, көмекке жүгінбейді.  

Бұл қорғау тетіктеріне деген сенімнің төмендігін және қоғамда бұл жағдайлардың қалыпты деп қабылдануын білдіреді.
Харассментке жауап берудің ең көп таралған стратегиялары пассивті немесе жеке сипатқа ие: 33,3% респондент елемеуді жөн санаса, 28,6%-ы әзілге айналдырып құтылған, ал 28,6%-ы қатаң бас тартуды таңдаған.
Сондай-ақ, әйелдер арасында басқа бөлімге ауысу (10,3%), жұмыстан шығу (12,8%) шараларына барса, ерлер көбінесе жақын ортасынан қолдау іздеген (33,3%).
Анықталған деректер институционалдық қорғаныс тетіктерінің шектеулі қолданылатынын және көбіне қашу немесе бейімделу стратегияларының басым екенін көрсетті.

Бөлісу