Тұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
Астанада жол қозғалысы ережесін бұзған көліктерді ақылы түрде эвакуациялау басталды. Енді рұқсат етілмеген жерге көлігін қалдырған жүргізушілер әкімшілік айыппұлмен қатар эвакуация қызметінің де ақшасын төлейді. Жалпы жыл басынан бері 56 мыңнан астам тұрақ ережесін бұзу дерегі тіркелген. Полицияның мәліметінше, заңбұзушылықтардың басым бөлігі жол белгілері мен таңбаларын елемеумен байланысты. Бейберекет қойылған темір тұлпарлардың кесірінен кептеліс көбейіп, қозғалыс қиындайды. Ең алдымен жаяу жүргіншілер өткеліне, тротуарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарға қойылған машиналар әкетіледі. Эвакуациялау үдерісі толық цифрландырылған. Арнайы камералар заңбұзушылықты анықтап, ақпаратты полицияға жолдайды. Кейін жүргізушіге eGov Mobile арқылы хабарлама жіберіледі. Егер жүргізуші дер кезінде келіп үлгерсе, көлік орнында қалады, тек айыппұл салынады. Ал алып кеткен көлікті қайтару үшін алдымен полициядан рұқсат алу қажет. Қызмет құны - 3 айлық есептік көрсеткіш, оған қоса сақтау ақысы тағы бар. Жаңа талап тәртіпке үйрете ме, тұрғындардың пікірін білген едік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы