Бекман Сойлыбаев екінші чемпиондық белбеуін тағынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекман Сойлыбаев екінші чемпиондық белбеуін тағынды

15.05.2016
 Бекман Сойлыбаев екінші чемпиондық белбеуін тағынды

Бірінші жеңіл салмақта жұдырықтасқан қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді. Нәтижесінде «EPBC WBC» чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Осыған дейін оның еншісінде екінші жеңіл салмақта WBA NABA чемпиондық белбеуі бар болатын.

Бекман Сойлыбаев спорттық мансабындағы 9 жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның төртеуін мезгілінен бұрын аяқтаған.

Астанада өткен бокс кешінде қазақстандық боксшылар намысты қолдан берген жоқ. Берікбай Нұрымбетовтің қарсыласы ғана алты раундқа шыдас бергенмен, қазақстандық боксшы төрешілер шешімінің қорытындысы бойынша айқын жеңіске жетті. Ал өзге қазақстандық боксшылар қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп шықты.

Бокс кешінің қорытындысы:

Айдар "Албан" Шәрібаев - Рубен Мовсесян. 3-ші раунд ТКО.

Руслан Мырсатаев - Фаррух Мадаминов. 1-ші раунд ТКО.

Берікбай Нұрымбетов - Артур Земляной. Төрешілер шешімімен.

Али Ахмедов - Сергея Крапшило. 1-ші раунд ТКО.

Айдос Ербосынұлы - Лаша Гургулиани. 5-ші раунд ТКО.

Елдос Сарқұлов - Шерзодбек Мамаджонов. 5-ші раунд ТКО.

Айдын Елжанов - Хвич Гиголашвили. 5-ші раунд ТКО.

«WBC EPBC» чемпиондық жекпе-жегі. Бекман Сойлыбаев - Николос Кокашвили. 2-ші раунд КО.   

 

 

Хабарламаларға жазылу