Руслан Мәдиевтің қарсыласы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Мәдиевтің қарсыласы анықталды

13.10.2015
Руслан Мәдиевтің қарсыласы анықталды

Геннадий Головкин – Дэвид Лемье жекпе-жек кешін Руслан Мәдиев пен америкалық боксшы Оскар Сантана ашып береді.

Америкалық боксшы 24 жаста. 2011 жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген. Ол – 7 жекпе-жек өтікізген. 4 рет жеңіп, 2 кездесуде жеңілсе, 1 кездесуін тең аятаған. 2 рет қарсыласын нокаутпен жеңген және өзі 1 рет нокаутпен жеңілген. Руслан Мәдиев пен Оскар Сантана жекпе-жегі 4 раундқа созылады.

Еске сала кетейік, 17 қазан (Астана уақытымен 18 қазан күні) Геннадий Голвокин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу