Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде «Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде «Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі

13.05.2015
Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде «Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновті еске алу кеші 18 мамырда Республика сарайы алдындағы «Абай» алаңында өтеді. 

Кешті әншінің сүйіп тыңдаған «ChickFlick» тобы ашады. Топ әншілері Батырхан Шүкеновтің репертуарынан бірнеше ән орындамақ.

Бұдан соң Республика сарайының алдында арнайы монитордан «Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі. Оған әншінің достарымен және сахна сыртындағы сұхбаттары енген.

Қала әкімдігі аталған шараға байланысты аумақта көлік кептелісін туғызбас үшін келушілерге «Абай» алаңына қоғамдық, муниципалдық көліктермен жетулерін сұрайды.

Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болуы үшін «Арман» кинотеатрының жанында тұрақ және Республика сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

 

Хабарламаларға жазылу