Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді

15.03.2016
Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді

2-ші сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтеді. Бұл туралы Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов айтты.

Концерттен түскен барлық қаржыны ұйымдастырушылар Батырхан Шүкеновтің  жүзеге асыра алмай кеткен жобаларын қолдау мақсатында әншінің қорына аударуды көздеп отыр.

«Оның жоспарлары көп болатын. Еліміздің әр облыс орталығында заманауи мәдени сарайларын, сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі педагогтарды тарту арқылы кәсіби дыбыс режиссурасы мектебін ашуды армандайтын», - дейді О.Байқанов.

Хабарламаларға жазылу