Батырхан Шүкенов әндерін ең үздік орындаушылар байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырхан Шүкенов әндерін ең үздік орындаушылар байқауы өтеді

26.09.2015
Батырхан Шүкенов әндерін ең үздік орындаушылар байқауы өтеді

 

Батырхан Шүкенов атындағы қор әншінің репертуарындағы әндерді ең үздік орындаушылар байқауын жариялайды.

Сайыс 2015 жылдың 1 қазаны мен 5 қарашасы аралығында ұйымдастырылады. Оған кез келген елдің азаматтары қатыса алады.

Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Музыкалық білімнің болуы міндетті емес.

Байқау жеңімпазы 2015 жылы 25 қарашада Алматы қаласында  өтетін Батырхан Шүкеновті еске алу концертіне қатысады.

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер жұмыстарын remember.batyr@gmail.com поштасына жіберуіне болады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу