Алматыда әнші Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әнші Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді

18.05.2015
Алматыда әнші Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді

18 мамыр күні Алматыдағы Республика сарайында әнші Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді. Кешті Батырхан жақсы көрген «ChickFlick» тобы ашады. Топ әншілері Батырханның репертуарынан бірнеше ән орындамақ.

Бұдан соң Республика сарайының алдында арнайы монитордан «Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі. Онда әншінің достары мен жақындарына берген сыр-сұхбаттары, сахна сыртындағы сұхбаттары, әншінің қысқаша түсініктемелері енген.

Қала әкімшілігі аталған шараға байланысты осы аумақтағы көлік кептелісін туғызбас үшін келушілерге «Абай» алаңына қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетулерін (КИМЭП аялдамасы) сұрайды.

Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін «Арман» кинотеатрының жанында тұрақ және Республика сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады.

Еске сала кету керек, Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті.

Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әртістің туған күнінде Еске алу кешін өткізу туралы ұсыныс айтқан болатын.

Хабарламаларға жазылу