Ұлттық арнада – «Қазақтың Бауыржаны» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Қазақтың Бауыржаны»

07.05.2015
Ұлттық арнада – «Қазақтың Бауыржаны»

Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, қазақтың қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген.

Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жыл мектепте мұғалім болады. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған.

Халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына батыр атағы  соғыс біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілгені белгілі. Бауыржан Момышұлы туралы «Қазақтың Бауыржаны» кинотуындысында ол туралы тың деректер айтылмақ. Бүгін 13:20-да көріңіз.

Хабарламаларға жазылу