Ұлттық арнада – «Көксерек» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Көксерек»

03.10.2014
Ұлттық арнада – «Көксерек»

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасының желісі бойынша түсірілген «Көксерек» көркем фильмі 1973 жылы көрерменге жол тартты. Фильмнің бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.

Фильм драмалық оқиғаларға толы. Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты ағасы Аханқұл бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің  мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген.

Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап,  оған «Көксерек» деп ат қояды. Бүгін 00.35-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу