Ұлттық арнада – «Қоңыр» тобының кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Қоңыр» тобының кеші

30.08.2014
Ұлттық арнада – «Қоңыр» тобының кеші

Қазақтың нәзік сазды әсем әні шырқалғанда, көңіл толқытпай тыңдау  мүмкін емес. Қазақ әуені көкіректі кернейді, ырғағы тұла бойды көкке көтеріп әкеткендей күйге бөлейді. Себебі, бұл – нағыз ұлттық ән-әуен.

Дәстүрлі музыкамызды жаңғыртып, жаңашылдықпен үйлестіре орындап жүрген бір топ бар. Ол – дәстүрдің өшпес өрнегі мен жаңаның өміршең ырғағын таба білген  «Қоңыр» этно-эстрадалық тобы.

Сахнаға шыққанына көп болмаса да, ұлттық нақышта ән орындап, халық сағынған ұлттық  сазды ырғағы мен нақышын бұзбай орындап жүр.

Қазақтың ұлттық аспаптарын серік еткен «Қоңыр» тобының шығармашылық кешін көріңіз. Бүгін 21.05-те Ұлттық арнада!

Хабарламаларға жазылу