Ұлттық арнадан мерекелік хабарларды көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадан мерекелік хабарларды көріңіз

07.05.2015
Ұлттық арнадан мерекелік хабарларды көріңіз

Бүгін сағат 10:45-те Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери парадын тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Сонымен қатар, сағат 13:20-да «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмін, ал, 16:05-те қыз-келіншектер ер-азаматтарға арнап ән салады. «Азаматым – айбыным» атты мерекелік концертті көріңіздер.

Сағат 18:10-да «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасы Сайлау Нұрымбетовтің майданда жазған күнделігі турасында сыр шертеді.

Ал, «Қазақстан менің жүрегімде» атты ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің орталық оркестрі және ән-би ансамблінің гала концертін Ұлттық арнадан сағат 18:25-те көре аласыздар.

Бүгінгі «Айтуға оңай...» ток-шоуының тақырыбы да Отан қорғаушылар күніне арналады.  Атаулы күнге орай Қазақстан Қарулы Күштерінің кешегі мен бүгінгі халіне тоқталған хабарды 19:40-да көріңіз.

«Қуатты әскер – қуатты Қазақстан» арнайы тележобасын 21:05-те  тамашалай аласыздар.

Ұлттық арна Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери парадынан арнайы жоба ұсынады. Бүгін 21:30-да көріңіз.

Хабарламаларға жазылу