«Поэзия әлемінде» - Алмат Исәділ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» - Алмат Исәділ

02.05.2015
«Поэзия әлемінде» -  Алмат Исәділ

Алмат Исәділ - поэзия әлемінде өзіндік қол­таң­­басымен танылған, кейінгі кезде балалар әдебиетіне де қалам тартып жүрген  арынды ақындардың бірі.  Қазақ поэзиясына 90-жылдардың ортасында қосылған тамаша талант иесі.

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин: «Алмат Исәділ - өз күшімен, өз талантымен танылып жүрген ақын бүгінде  қазақтың беделді әрі кәсіби ақындарының біріне айналды», дейді.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 13:45-те «Поэзия әлемі» хабарынан біле аласыздар.

Біздің анықтама:

Алмат Исәділ – 1976 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кегей ауылындағы орыс мектебін, 2000 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын өзі оқыған мектепте ұстаздық етуден (1994-1996) бастап, кейін Алматыдағы республикалық Оқушылар сарайында,  1998-2001 жылдар аралығында  «Алматы ақшамы» газетінде журналист, жауапты хатшы, «Елорда» баспасында редактор қызметтерін атқарған.

Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып жүр. Орыс тілінде де шығармалар жазып, аударма ісімен шұғылдануда. «Жас қазақ ақындарының антологиясына» топтамасы енген.

Алматы қаласында өткен студент жастардың бірқатар мүшәйраларының жүлдегері. Астана қаласында 2001-2002 жылдары өткен IV және V Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдеби шығарма» аталымы бойынша дипломанты.   «Жолдар, жолдар», «Көңіл алаң»  атты өлеңдер жинағы жарық көрген.

Хабарламаларға жазылу