«Поэзия әлемінде» - Мұратхан Шоқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» - Мұратхан Шоқан

17.01.2015
«Поэзия әлемінде» - Мұратхан Шоқан

«Поэзия әлемі» хабары ақын, «Жаратылыснама» кітабының авторы Мұратхан Шоқанның шығармашылығына арналады.  

 «Мұратхан Шоқан - қазақ поэзиясына қара өлеңнің қарапайым да табиғи тазалығын ала келген талантты ақын.

Оның жырлары сызат түспеген сыр мінез сыршылдығымен, махаббат мақамымен, таза табиғатымен ерекше».

Ол «Қиял», «Енді аз күнде», «Көркемдік», «Жауыннан соң», «Көктеммен бірге бүрлейін», «Тырналар, сол тырналар» сынды өлеңдері арқылы табиғатпен тілдесті.

 «Поэзия - киелі, қастерлі  ұғым. Оны мөлдір, үлбіреген қалпында алақанда ұстау керек», дейді ақынның өзі.

Жаратылысты жырлаған қаламгер туралы бүгін, 13.10-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу