29 сәуір күні Астанада әншіні еске алушылар бұрынғы Оқушылар сарайының маңына жиналады. Ал, алматылықтар таңертеңнен бері Республика сарайына гүл шоқтарын апаруда. Кешке қарай жиналғандар «Арман» кинотеатрының алдында «Джулия» әнін шырқайды.
Қарағандыда Батырхан Шүкеновты еске алу шарасы Бейбітшілік даңғылындағы қобызға арналған ескерткіштің жанында өтеді.
Ақтөбеліктер әншінің әндерін орындап, аспанға шар ұшырмақ.