Басты Жаңалықтар Қазақстан қыздар құрамасы Уэльсте өтетін Даму Кубогына қатысады

Қазақстан қыздар құрамасы Уэльсте өтетін Даму Кубогына қатысады

Қазақстан қыздар құрамасы Уэльсте өтетін Даму Кубогына қатысады

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 26 сәуір күні Шымкентте оқу-жаттығу жиынына жиналды. Футболшылар жиында Уэльсте өтетін Даму Кубогына дайындықты бастады.

Турнирге қазақстандық футболшылардан бөлек, Уэльс, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдарының құрамалары қатысады.

Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар:  Ұлдана Шалқар (БИІК СДЮШОР №7), Дана Алмасбай (Астана);

Қорғаушылар: Әсем Әнуар (БИІК СДЮШОР №7), Лариса Корякова (Тараз), Айдана Серікбай (Ақтөбе), Ольга Волкова (БИІК СДЮШОР №7), Флют Ангелина (БИІК СДЮШОР №7), Айсәуле Сайдолла (Астана);

Жартылай қорғаушылар:  Арайлым Орынбасарова (БИІК СДЮШОР № 7), Әселхан Тұрлыбекова (БИІК СДЮШОР №7), Мәдина Әмірбек (БИІК СДЮШОР № 7), Анастасия Низамутдинова (БИІК СДЮШОР №7), Виктория Попкова (БИИК СДЮШОР №7), Аида Смағұлова (Астана), Рано Ақбаева (Ақтөбе), Інжумаржан Серғали (Ақтөбе), Айдана Жәутікова (Ақтөбе), Карина Әділханова (Семей);

Шабуылшылар:  Екатерина Колчина (Алматы), Светлана Вахитова (БИІК СДЮШОР №7).

5 мамыр күні Данияр Қайырбаев шәкірттері Фарер аралдары құрамасымен кездеседі. Ал, 6 мамырда Солтүстік Ирландия және 8 мамырда алаң иелері Уэльс құрамасымен ойнайды. 

Бөлісу