Астана қаласында биылғы жылдың соңына дейін «Ақылды аялдама» пилоттық жобасы енгізіледі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласында биылғы жылдың соңына дейін «Ақылды аялдама» пилоттық жобасы енгізіледі (ВИДЕО)

27.04.2015
Астана қаласында биылғы жылдың соңына дейін «Ақылды аялдама» пилоттық  жобасы енгізіледі (ВИДЕО)

 

Астанада биылғы жылдың соңына дейін «Ақылды аялдама» пилоттық жобасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болған  Инновациялық қолдау департаментінің директоры Саттар Өткелбаев пен жоба авторы Нұржан Дахымбаев мәлімдеді.

«Аялдамаларға LED-экрандар орнатылады. Онда қоғамдық көліктердің қай уақытта келетінін дәлме-дәл көрсетіледі.  Мобильді қосымша арқылы да қоғамдық көліктердің  келу уақыты туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, дисплейге хабарландырулар да ілінеді», - дейді жоба авторы Нұржан Дахымбаев.

Пилоттық  жоба  жылдың аяғына дейін жүзеге асырылмақ. Одан кейін сараптама жасалады.

«Егер қала әкімдігі жобаны енгізуге рұқсат берсе, жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. «Ақылды аялдаманы» басқа қалаларға да енгізу жоспарда бар», - дейді Саттар Өткелбаев. Сондай-ақ, ол бағдарлама барысында  Инновациялық қолдау департаменті  жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты.

«Соңғы кезде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқан соң, инноваторлар жобаларын ұсынуда.  Алда 8 жобаны енгізу жоспарда бар. Олардың арасында ауыл шаруашылығына қатысты ақылды технологияны қолдану жобасы, әлеуеттік сала бойынша көзі нашар көретін жандарға арналған жобалар бар. Өзіме ұнаған  жоба – дәріханалық робот.  Сараптама кеңесінде бұл жоба құпталып,  қолдау көрсетілген соң жүзеге асты.  Бүгінде Астана және басқа да  қалалардағы дәріханаларда осы робот орнатылған», - дейді  Саттар Өткелбаев. 

Хабарламаларға жазылу