Павлодарлық Өміржан Ошанов Мәскеуге велосипедпен бармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық Өміржан Ошанов Мәскеуге велосипедпен бармақ

20.04.2015
Павлодарлық Өміржан Ошанов Мәскеуге велосипедпен бармақ

Павлодарлық Өміржан Ошанов Мәскеудегі шеруге велосипедпен жетуді көздеп отыр. 54 жастағы әуесқой спортшы Павлодардан Астанаға велосипедпен үш тәулікте жеткен. Барар бағыт – Мәскеу қаласы.

«Бұл – жолдасым Ерғанат Асқаровтың идеясы. Содан Жеңістің 70 жылдығына тарту жасайық, деген ниетпен бастап кеттік. Мақсатым – Қазақ елін таныту»,-дейді велошабандоз.

Өміржан Ошанов Қостанайға бет алды. Одан әрі Ресейдің Черодейск қаласына өтіп,  жоспар бойынша 7 мамыр күні Ресейдің Дубосеково елді мекеніне жетпек. Сапар кезінде досы Ерғанат Асқаров жолсерігі болады.

Өміржан Ошановты алда әлі 3000 шақырымға жуық жол күтіп тұр. 9 мамырда Мәскеуде өтетін шеруге қатысу – әуесқой спортшының жауынгер батырларға деген құрметі. Осы жолсапардан соң ол бірқатар елді араламақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу