Қырғызстандық саяхатшы Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстандық саяхатшы Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді

30.05.2016
Қырғызстандық саяхатшы  Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді
Қырғыз азаматы Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді. «Ұлы қырғыз ізі» атты жоба авторы дүниежүзінің жеті құрлығын велосипедпен араламақшы.

Ол «Жаңа тыныштық жолы» деген бағытты ұстанып, шартарапты шарлауға тыңғылықты дайындалған. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 және Алматының 1000 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін Қазақстанға арнайы ат басын бұрыпты.

Осылайша, бауырлас мемлекеттің саяхатшысы бір туған қазақ-қырғыз арасындағы ынтымақ пен береке-бірлікті нығайтуды көздейді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу