53 жастағы азамат Ертіс өзенінің 70 шақырымын жүзіп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

53 жастағы азамат Ертіс өзенінің 70 шақырымын жүзіп өтті

21.07.2014
53 жастағы азамат Ертіс өзенінің 70 шақырымын жүзіп өтті

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы тұрғыны Ертіс өзені бойымен 70 шақырым жерді жүзіп өтуге дайындалып жатқанын бағдарламамызда көрсеткен болатынбыз. Өжет азамат сол уәдесінде тұрды.

Өміржан Ошановқа бұл мақсатына жету үшін 10 сағат қажет болған. Ол Лебяжі ауданы, Жаңатаң ауылы тұсынан Павлодар қаласына дейін жүзіп келді.

Суық суда аяқтарының сіңірі таралып, бірнеше рет тоқтады. 53 жастағы азамат жастайынан қазақша күреспен айналысқан. Қазір ауыл мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

Ол 25 метрлік бассейінде 4 сағат бойы толассыз жүзуді әдетке айналдырған. Ал  ағынды суда 10 сағат жүзгенін жеке «рекорд» деп есептейді. Қалай болғанда да, кәсіби спортшы бабында екенін дәлелдеп берді. Бұл - Астана қаласының 16 жылдығы және II Дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына тарту.

Өміржан Ошанов, Шарбақты ауданының тұрғыны:

Біздің Елбасымыз Қазақстанды бүкіл елге паш етемін, дейді. Отыз дамыған мемлекеттің қатарына кіргіземін, дейді. Біздің Олимпиададағы спортшыларымыз әрқайсысы медаль әкеліп қуантып жатыр. Бұл – менің  Қазақ еліне қосқан үлесім деп есептеймін.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу