«MediaShift» сандық медиаға қатысты тренингтер өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«MediaShift» сандық медиаға қатысты тренингтер өткізеді

18.04.2015
«MediaShift» сандық медиаға қатысты тренингтер өткізеді

«PBS MediaShift» Миссури университеті жанындағы Дональд Рейнолдс атындағы Журналистика институы және онлайн-конференциялар өткізуге арналған BigMarker платформасымен бірлесіп «DigitalEd» онлайн-тренингтер сериясын бастады.

Қатысушылар әр апта сайын тікелей эфирдегі бір сағаттық онлайн-тренингтерден сандық журналистика саласындағы тәжірибелік білімдерін жетілдіре алады.

22 сәуір (Астана уақытымен 23.00-де) Миссури  университеті журналистика мектебінің профессоры  Джой Майер «Сіздің маңызды контентке ықпалыңыз» тақырыбы бойынша курс өткізеді.

Қатысушылар 29 сәуірде (Астана уақытымен 23.00-де) Миссури журналистика мектебінің оқытушысы Джадд Сливканың «Оқиға орнында «мобильді ниндзя» болудың жолдары» тақырыбындағы семинарына қатыса алады.

Әрбір тренингке қатысу құны - 39 АҚШ доллары. Тіркелу жалғасуда.

Хабарламаларға жазылу