Жаңалық жазуды неден бастау керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңалық жазуды неден бастау керек?

30.01.2014
Жаңалық жазуды неден бастау керек?
 
2014 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Алматыда «Коммуникация – бәріне: шығармашылық идеялар мен технологияларды басқару өнері» атты семинар өтеді.
 
Шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Медиасфера» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының және ҚР БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті, «Тұран» университетінің қолдауымен ұйымдастырылмақ.
 
Қысқы мектеп аясында «Жаңалық жазуды неден бастау керек?», «Фотосурет және бейнематериалмен жұмыс», «Журналистің интернет құралдары», «Радио және дыбыспен жұмыс», «Медиа-заңнама және этика» модульдері бойынша дәріс өтеді.
 
Сонымен қатар, фотоөнер, режиссерлік шеберлік, PR технологиялар туралы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. «Визуализация немесе модельдеу», «Даралық және дербестік», «Коммуникативтік стратегиялар және медиа-анализ», «Data-журналистика немесе деректер журналистикасы», «Сандық дәуірдегі журналистика» атты семинар-тренингтер өткізіледі.
 
Шараға Ұлттық Интернет ассоциациясының президенті Серікқазы Кәкібаланов, Фотоөнер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым, Колумбия университетінің профессоры, PhD докторы Рафис Абазов және т.б. қатыспақ.

 

Хабарламаларға жазылу