Алматыда халықаралық жазғы магистрлік мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық жазғы магистрлік мектеп ашылды

02.06.2014
Алматыда халықаралық жазғы магистрлік  мектеп ашылды
Алматыда халықаралық жазғы магистрлік  мектеп ашылды. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті іргесінен бой көтерген мекеме магистранттардың академиялық біліктілігін шыңдауға бағытталған.
 
Бүгінгі күннің өзінде халықаралық мектепте тәлім алуға Қазақстанның 15 жоғары оқу орнынан магистранттар тіркелген.
 
Яғни, қатысушылар үш ай бойы «Азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік проблемалары», «Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету»  сынды тақырыптарды игереді.
 
Оларға АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Финляндия мемлекеттерінің ғалымдары дәріс оқиды. Түрлі мастер-кластар жүргізіп, ветеренария, биотехнология, экоэнергия салалары бойынша тренингтер өткізеді.
 
Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:
Қазақстан экономикасының негізгі локомативі - ғылым мен білім. Біз үміт артып отырған  жастарымызды әлемдік білім-ғылым кеңістігіндегі жаңа технологияларға үйрету,  білікті ғалымдармен байланыс орнату - бүгінгі халықаралық жазғы мектептің негізгі бағыты.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу