Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 22 мыңға жуық жұп отбасын құрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 22 мыңға жуық жұп отбасын құрған

07.01.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 22 мыңға жуық жұп отбасын құрған

Облыстық Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімінің хабарлауынша, 2014 жылы 23 мыңнан астам жұп шаңырақ көтеріпті. Жас отбасылар некеге тұру үшін электронды түрде өтініш беру жүйесі де қызмет етеді. Бұл өз кезегінде жұмыстың тиімділігі мен уақыт үнемділігін арттырып отыр.

АХАТ бөлімдері отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізеді.

АХАТ бөлімдері тоқсан сайын жастарға және некеге отыратын азаматтарға арналған «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар өткізеді. Сондай-ақ, әр ауданда жас отбасы клубы жұмыс істейді. Онда дәрігерлер мен психолог мамандардың қатысуымен семинар-тренингтер, ауыл зиялыларымен бірлескен жиындар өткізіліп тұрады.

 

  

 

Хабарламаларға жазылу