«Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады

16.04.2015
«Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors»  клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады

Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады.

49 кг: Жомарт Ержан – Леандро Зарате
56 кг: Қайрат Ералиев – Джонатан Санчес
64 кг: Самат Бәшенов – Лукас Хименес
75 кг: Жәнібек Әлімханұлы – Кристиан Зарате
91 кг: Василий Левит – Диего Бланке

Қос клуб арасында өткен алғашқы айналымдағы жекпе-жекте «Астана арландары» «Аrgentina Сondors» боксшыларын 5:0 есебімен ұтқан.

«Арландар» өткен турда «Puerto Rico Hurricanes» клубымен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал, «Аrgentina Сondors» клубы «Caciques de Venezuela» боксшыларынан 2:3 есебімен жеңілген.

12 турдан кейін «Астана арландары» 36 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастап келеді. Ал, «Аrgentina Сondors»  бокс клубы 4 ұпаймен көш соңында келеді.

«Астана арландары» мен «Аrgentina Сondors» клубы арасындағы кездесу 19 сәуір күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 08:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу