«Астана арландары» мен «Puerto Rico Hurricanes» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мен «Puerto Rico Hurricanes» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады

10.04.2015
«Астана арландары» мен «Puerto Rico Hurricanes» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады

Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» мен «Puerto Rico Hurricanes» клубы жекпе-жекке шығатын боксшылар тізімін жариялады.

52 кг: Cintron Jesus – Олжас Сәттібаев 
60 кг: Rosario Jose Javier – Зәкір Сафиуллин
69 кг: Flaz Nicklaus – Данияр Елеусінов
81 кг: Laboy Joseph – Хрвое Сеп
+91 кг: Medina Jose Gabriel – Филипп Хргович

Қос клуб арасында өткен алғашқы айналымдағы жекпе-жекте «Астана арландары» Пуэрто-Рико боксшыларын 5:0 есебімен ұтқан.

«Арландар» өткен турда америкалық «USA Knockouts» клубымен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал, «Puerto Rico Hurricanes» клубы «Caciques de Venezuela» боксшыларынан 3:2 есебімен жеңілген.

11 турдан кейін «Астана арландары» 33 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастап келеді. Ал, «Puerto Rico Hurricanes» бокс клубы 18 ұпаймен бесінші орында.

«Астана арландары» мен «Puerto Rico Hurricanes» клубы арасындағы кездесу 12 сәуір күні өтеді.

Хабарламаларға жазылу