Таразда Ғашықтар күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Ғашықтар күні аталып өтті

15.04.2015
Таразда Ғашықтар күні аталып өтті

15 сәуір – Қазақстанда Ұлттық ғашықтар күні. Осы атаулы күннің  қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «ТарМПИ ғашық жұптары» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметі.

Шарада аталған оқу орнының студенттері махаббат туралы өлеңдер оқып, әуезді ән шырқап,  сүйіктілеріне деген сезімдерін түрлі өнерлері арқылы паш етті.

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді  ТарМПИ ұжымы жыл сайын жоғары деңгейде атап өтуді дәстүрге  айналдырған.

Осы арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен адамгершілік руһына негізделген жаңа тұрпатты мерекеге айналдыруды мақсат тұтады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, филология факультетінің атынан сынға түскен жұп үздік, деп танылды.

Хабарламаларға жазылу