Астанада Олимпиада күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Олимпиада күні аталып өтті

06.09.2014
Астанада Олимпиада күні аталып өтті

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының Туризм, дене шықтыру және спорт басқармасы Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында Олимпиада күнін атап өтті.

Бұл шара 1894 жылдың 23 маусымында Пьер де Кубертен мен оның қолдаушылары Олимпиада ойындарын жандандырып, Халықаралық Олимпиада комитетін құрған күннің құрметіне арналды.

Дәстүр бойынша Астананың орталық Олимпиадалық қозғалыстың туған күніне байланысты халық арасында жүгіру ұйымдастырылды. Бұл жүгіруге жоғары оқу орындарының студенттері, министрліктер мен мекемелер, әскери және қарулы күштер өкілдері, ҚР Парламенті мен Мәжіліс депутаттары, елшілік және БАҚ қызметкерлері, Олимпиада жеңімпаздары және өз еркімен жүгіргісі келетін адамдар қатысты.

Ашылу салтанаты Астананың орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 10:00-де басталды. Жүгіру жолына алғашқы болып ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шықты. Осыдан кейін қаланың метеп оқушылары 800 метр қашықтыққа жігірсе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100 метрлік қашықтыққа арбамен жарыс ұйымдастырылды.

Олимпиада күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Ұлттық Олимпиада комитеті мен демеушілердің сыйлықтары, Олимпиада нышандары бар жейделер берілді.

Хабарламаларға жазылу