Түркияда Абай күні аталып өтті
Абай күні Түркияда да аталып өтті. Ыстамбұлдағы Абай алаңында қазақ ұйымдарының басшылары мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Қазақстан Бас консулдығының мұрындық болуымен өткен шарада хакім Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме өрбіді. Қазақтар тығыз қоныстанған Зейтінбұрны ауданында орналасқан Абай ескерткішінің алды қандастарымыз әрдайым бас қосатын жерге айналған. Бұл алаңда түрлі шаралар жиі өтіп тұрады. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға атсалысып жүрген жергілікті қазақ ұйымдарының басшыларына алғыс хат табыстады.
Әбдіуақап Қара, Мимар Синан университетінің профессоры:
Абай күні өте мәнді болып отыр. Өйткені Абайдың аты тек Қазақстанда емес дүниежүзі қазақтарының да басын біріктіретін маңызды атқа айналып отыр. Бұл міне, көрдіңіздер, қазақтың да басын біріктіретін, өзінің қазақтығын сезінетін, тілдің, әдебиеттің маңызын түсінетін үлкен іс-шара болды. Сондықтан бүгін ұлы күн, ұлы мереке Абай күні құтты болсын!
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12