Тәуелсіздік жылнамасы: 2015-2017 жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылнамасы: 2015-2017 жылдар

15.12.2022

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Тарих беттерінде қалған маңызды оқиғалар мен даталарды тағы бір еске түсіріп көрейік.

2015 жыл. 10-11 маусымда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 5-съезі өтті. 27-шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. 2 қыркүйекте ел тарихындағы үшінші ғарышкер - Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Осы жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы бүкіл республика және ТМД елдері арасында аталып өтті. Таразда арнайы монумент ашылды.

2016 жыл. Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Осы жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылданды. Семей сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толды.

2017 жыл. 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада «EXPO-2017» халықаралық көрмесі өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 млн-нан астам адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Сонымен қатар, елімізде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммиті мен 28-ші қысқы Универсиада өтті.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу