Алматыда жазушы Халидэ Эдип Адыварды еске алу мақсатында халықаралық конференция өтеді
11 сәуірде Алматыда 1884-1964 жылдары өмір сүрген жазушы, академик, ағартушы Халидэ Эдип Адыварды еске алу мақсатында халықаралық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – бауырлас Қазақ елін Х.Э. Адывардың шығармашылығы, болмысымен таныстыру.
Конференцияны ұйымдастырушылар - Юнус Эмре атындағы институттың Түрік мәдени орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Шараға профессор Юнус Балджы, профессор Назгүл Шыңғысова, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Маралтай Ыбраев, Доцент Халил Адыяман, Доцент Ораз Шапашев қатысып, баяндама жасайды.
Романдарымен түрік әдебиетінде ерекше орын алатын Халиде Эдип Адывар, оқырмандардың назарын тұлғасының санқырлылығымен аударып әкетеді. Жазушы Халидэ Эдип түрік тілінен бөлек, өзге тілдерде жазған шығармаларымен халықаралық деңгейде құрметке ие болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25