Ұлттық арнада – Сейфуллин Жолбарыстың ән кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – Сейфуллин Жолбарыстың ән кеші

05.04.2015
Ұлттық арнада – Сейфуллин Жолбарыстың ән кеші

Сейфуллин Жолбарыс әнші, композитор ретінде 1993 жылы «Жас қанат» байқауында жеңімпаз атанған соң таныла бастады. Бұдан кейін әнші әйгілі «Гүлдер» ансамблінде қызмет етті.

Оның ең алғашқы композиторлық қызметі әнші Бақыт Шадаеваның бірінші ән-жинағын жарыққа шығару кезіндегі серіктестіктен басталған болатын. Осы кездері Сейфуллин Жолбарыс Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Гауһар Қаспақова, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Асылбек Еңсепов, Ринат Гайсин сынды жұлдыздарға да ән жазды.

Бүгінде көрерменнің сүйікті әнші, сазгеріне айналған Сейфуллин Жолбарыстың «Сағындым жылы дауысыңды» атты концертін бүгін 21.00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу