Гауһар Әлімбекованың ән кешін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гауһар Әлімбекованың ән кешін көріңіз

04.10.2014
Гауһар Әлімбекованың ән кешін көріңіз

Гауһар Әлімбекова – қазақтың гитарашы қыздарының бірі, әнші, сазгер. 1996 жылы жас композиторлардың «Үкілі үміт» байқауында «Көрермен көзайымы» жүлдесіне ие болған.

Сол уақыттан бері махаббат, сезім, сағыныш тақырыбында әндер шығарып сияқты келе жатқан оның сазгерлікке қадам жасаған алғашқы әні мектепте жүргенде жазылған екен.

Өзі айтқандай, мінезі ашық әнші компзитордың барлық әні тек гитара сазымен шығарылған. Жастайынан осы жеті ішекті аспапқа құмартқан ол өз арманына мектеп жасында қол жеткізген.

 Әр туындысын шыңдап-шынықтырып, әбден әрін мен сәнін келтіргенде барып көрерменге ұсынатын талғампаз жанның ән кеші Ұлттық арнада.

Бүгін 21.55-те Гауһар Әлімбекованың «Махаббат ордасы» атты шығармашылық кешін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу