Жүректің шаншуы нені білдіреді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүректің шаншуы нені білдіреді?

04.04.2015
Жүректің шаншуы нені білдіреді?

Жіті (жедел) коронарлы синдром деп миокард инфарктісін немесе тұрақсыз стенокардияға күмән тудыратын кез келген симптомдарды және клиникалық көріністерді айтады.

 

Мамандар медицина тілімен бұл дертті «жедел коронарлы синдромы ST тісшесінің төмендеуінсіз жүретін түрінде екі нозологиялық формаға бөлінеді. Олар тек симптомдардың айқын көрінуімен ғана ерекшеленеді десе де болады. Бұл екеуіне ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды және тұрақсыз стенокардия жатады»,-деп түсіндіреді.

 

Аурудың негізгі көрінісі – науқаста 15 минуттан асатын ауырсыну синдромы байқалады. Стенокардияның түнгі және тыныштық уақытындағы ұстамасы дәрігерге қаралуға себеп болады.

Коронарлы синдромы бар науқасты жансақтау бөліміне немесе интенсивті терапия бөліміне жатқызу керек. Жансақтау бөлімінде жату уақыты науқас жағдайына, ЭКГ динамикасына, қан және биохимиялық көрсеткіштерге байланысты болады. жүрек аурулары туралы толығырақ бүгін 10.05-те «Дауа» бағдарламасынан біліңіз.

Хабарламаларға жазылу