Бекен Жылысбаев – Халық әртістерінің ұстазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекен Жылысбаев – Халық әртістерінің ұстазы

03.04.2015
Бекен Жылысбаев – Халық әртістерінің ұстазы

XX ғасырдың 50-ші жылдарының басында шоқ жұлдыздай жарқырап елдің еркесіне айналған, қазақ өнерінің бұлбұлдары мен дүлдүлдері – Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Кәукен Кенжетаев, Шабал Бейсекова, Роза Жаманова, тағы басқа жас әншілер келді өнерге.

Міне, осы толқынның ішіндегі таланттылардың бірі – қазақ академиялық әншілік өнерінің вокал педагогикасының көшбасшысы, профессор, жезтаңдай әнші, соғыс ардагері Бекен Жылысбаев еді.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» хабарында қазақ өнер майталманының өмірі, өнері, шәкірттері және қазаққа жаттау болып келген вокал өнерінің қыр-сыры айтылады.

Хабарламаларға жазылу