Таразда «Театр KZ» атты өнер фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Театр KZ» атты өнер фестивалі басталды

17.09.2014
Таразда «Театр  KZ»  атты өнер фестивалі  басталды

Жамбыл облысында «Театр  KZ» деп аталатын өнер фестивалі басталды. Оған аудандарда құрылған 12 халық театры қатысуда. Үш күнге созылатын өнер бәсекесі халық театрларының репертуарын, көркемдік деңгейін бағамдап, бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, фестивальде сарапшы мамандар әртістерінің киім киісі, сахнадағы әрекеттері,  рөлдерді сомдаудағы шеберлігін де електен өткізетін болады.  Театр ұжымдары бұл жолғы фестивальде  замана ағысымен үндесетін, күрделі оқиғаларға құрылған драмалық қойылымдарды сахналайды.

Өнертанушылардың бағамдауынша, халық театрларының кәсіби деңгейі төмен емес. Соны образдармен және көркемдік шешімімен дараланып жатқандары баршылық. Дегенмен,   декорацияның жұтаңдығы, мамандардың жетіспеуі аудандағы халық театрларына ортақ мәселе болып тұр.

Дүйсенәлі Бықыбаев, Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы: 

Оқу орындарын бітіріп келген мамандар аздау болып тұр. Соған байланысты былтырдан бері «Артмикс» деген семинар өткізіп жатырмыз. Өзінің шығармашылығын өнерге жалғастырсам деген жастарды оқуға тартып, жұмыс істеп жатқандардың деңгейін көтеру.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу