Ғафиз Есімов: Әкем өнерге жақын адам болса да, менің өнерге келуімді қаламады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғафиз Есімов: Әкем өнерге жақын адам болса да, менің өнерге келуімді қаламады

28.01.2018

Қазақстанның Халық әртісі, опера әншісі Ғафиз Есімов «Дара жолда» опера сахнасына қалай келгендігі жайлы естелігімен бөлісті.

«Өнерді мектепте жүргенде домбыра тартудан бастадық. 1960-жылдары елде мұнай мәселесі, ел байлығы мәселесі қатты көтерілгенде әкем «сен геолог болсаң, жақсы болар еді, туған жерге қайтіп келуің үшін де» деген соң Политехникалық институттың Геология факультетіне тапсыруға мәжбүр болдым. Әкем өнерге жақын адам болса да, менің өнерге келуімді қаламаған адам. Институтта жүргенде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, ұстазым Бекен Жылысбаев ағамыз «сен геолог болып қаңғығанша, әртіс болып қаңғығаның жөн шығар» деп 1-курста, 2-курста қайта-қайта тиіскен еді. Сөйтіп, Бекен ағаны тыңдап, бәрін тастап консерваторияға бардым».

Сонымен қатар, хабар барысында Қазақ өнеріндегі нағыз майталман азаматтармен сахналас, үзеңгілес болған Ғафиз Есімов сол өнерпаздардың әңгімелерінен, сұхбаттарынан сыр шертті.

Хабарламаларға жазылу