«Балапан» телеарнасы «Менің сүйікті мультфильмім» акциясын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы «Менің сүйікті мультфильмім» акциясын өткізеді

31.03.2015
«Балапан» телеарнасы  «Менің сүйікті мультфильмім» акциясын өткізеді

 

«Балапан» телеарнасы отандық анимациялық өнімдерді қолдау аясында  1 сәуір күні  сағат 11:00-де Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығында (Розыбакиев көшесі) «Менің сүйікті мультфильмім» атты акция өткізеді.

Шара барысында  балалар салған  суреттер мен отандық анимациялық туындылардың көрмесі болады.  Балалар  «Әли мен Айя» және тағы да басқа мультхикаялардағы сүйікті кейіпкерлерінің суретін салады.  

Сондай-ақ, «үлкен  қуыршақтар» қойылым ұсынады. Ал, шара соңында балаларға  телеарна атынан сыйлықтар  табысталады. 

Хабарламаларға жазылу