«Балапан» телеарнасы «Менің сүйікті мультфильмім» атты акция өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы «Менің сүйікті мультфильмім» атты акция өткізеді

01.04.2015
«Балапан» телеарнасы  «Менің сүйікті мультфильмім» атты акция өткізеді

Бүгін Алматыда «Балапан» телеарнасы «Менің сүйікті мультфильмім» атты акция ұйымдастырады. Шара «Мега» сауда-ойын-сауық орталығындағы  (Розыбакиев көшесінің бойында) «MARWIN» дүкенінде өтеді.

Акцияға қаладағы балалар үйінің бүлдіршіндері де қатысады. Олар «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін «Әли мен Айя» мультхикаясындағы кейіпкерлердің суретін салып, бояйды.

Сондай-ақ, қуыршақ театрының аниматорларымен ойын ойнап, талантты балалардың өнерін тамашалайды.  Мереке соңында «Балапан» телеарнасының арнайы сыйлығы үлестіріледі.  

Отандық анимациялық өнімдерді кеңінен насихаттауға арналған шара сағат 11:00-де басталады.  

Айта кетейік, телеарна ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық өнімді қолдауға арналған  «Қазақстанда жасалған» атты мемлекеттік жобасын іске асыру мақсатында «Менің сүйікті мультфильмім» атты акцияны өткізбек. 

Хабарламаларға жазылу