«Қазмедиа» орталығында «Туған күніңмен, «Балапан» атты концерт өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазмедиа» орталығында «Туған күніңмен, «Балапан» атты концерт өтуде

25.09.2015
«Қазмедиа» орталығында «Туған күніңмен, «Балапан» атты концерт өтуде

 

Астанадағы «Қазмедиа» орталығының  киноконцерт залында «Балапан» телеарнасының  5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама аясында «Туған күніңмен, «Балапан!» атты  концерт  өтуде.

Шараға балалардың сүйікті кейіпкерлері, өнерлі балалар мен  эстрада жұлдыздары  қатысуда.

Мерекелік концерт 27 қыркүйек күні сағат 17:50-де телеарна эфирінен көрсетіледі.

Айта кетейік, бүгін «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойын атап өтуде. Телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ құрамында 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылған.

Хабарламаларға жазылу