«Баламен бетпе-бет» жаңа бағытта эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баламен бетпе-бет» жаңа бағытта эфирге шығады

18.03.2015
«Баламен бетпе-бет» жаңа бағытта эфирге шығады

«Баламен бетпе-бет» - көрермен көңілінен шыққан кең аудиториялы тележоба. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Балапан» телеарналарының көрермендері жоғары баға берген аталмыш бағдарламаның жаңа маусымда жаңа форматта шығуы – заңдылық.

Жаңа теле-маусым таяуда көрерменге жол тартады. Бұл жобаның мақсаты – кішкентай көрермендер мен олардың ата-аналарына сүйікті бағдарламаларын жаңа бағытта ұсыну.

Бағдарламаның негізгі бөлігі жүргізуші мен кішкентай қонақтардың диалогынан тұрады. Әр бағдарламада төрт баламен сұхбат жүреді. Балалар әртүрлі сұраққа алма-кезек жауап беріп,  ойларымен бөліседі.

Хабарламаларға жазылу