«Балапан» телеарнасының акциясына Алматы қаласындағы балалар үйінің бүлдіршіндері де қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасының акциясына Алматы қаласындағы балалар үйінің бүлдіршіндері де қатысады

31.03.2015
«Балапан» телеарнасының  акциясына Алматы қаласындағы балалар үйінің бүлдіршіндері де қатысады

 

Ертең «Балапан» телеарнасы ұйымдастыратын «Менің сүйікті мультфильмім» атты акцияға Алматы қаласындағы балалар үйінің бүлдіршіндері қатысады.

Отандық анимациялық өнімдерді кеңінен насихаттауға арналған шара Алматы қаласында Розыбакиев көшесінің бойындағы «Мега» сауда-ойын-сауық орталығы, «MARWIN» дүкенінде өтеді.

Шараға Алматы қаласындағы балалар үйінің бүлдіршіндері де қатысады. Олар «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін «Әли мен Айя» мультхикаясындағы кейіпкерлердің суретін салып, бояйды. Қуыршақ театрының аниматорларымен ойын ойнап, талантты балалардың өнерін тамашалайды.

Мереке соңында «Балапан» телеарнасының арнайы сыйлығы үлестіріледі.  Телеарна  осылайша балаларға мереке сыйламақ.

Акция «Мега» сауда ойын-сауық орталығындағы «MARWIN» дүкенінде ертең, сағат 11.00-де басталады. Байланыс телефоны: 8 (727) 393 22 77

Айта кетейік, телеарна ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық өнімді қолдауға арналған  «Қазақстанда жасалған» атты мемлекеттік жобасын іске асыру мақсатында «Менің сүйікті мультфильмім» атты акцияны өткізбек. 

Хабарламаларға жазылу