Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды (ФОТО)

03.12.2015
Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды (ФОТО)

Бүгін «Балапан» телеарнасының көрермендері сүйікті арналарында қонақта болды. Телеарна ұжымы 4-10 жас аралығындағы балалар  арасында фокус-группа әдісін ұйымдастырды.

Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар  туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Айта кетейік,  «Балапан» телеарнасы бағдарлама сапасы мен сұранысын анықтау, балалардың ой-пікірін білу мақсатында жылына екі рет фокус-группа өткізіп отырады. Сондай-ақ, телеарна 10 мыңнан астам көрермен арасында сауалнама жүргізді.

Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесі алдағы жылы жарық көретін бағдарламалардың жанрын анықтауға негіз болады.

Хабарламаларға жазылу